Танымал актер қатерлі ісіктен көз жұмды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
206

Ресейлік театр және кино актері Бангис Счастливый 62 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі 23 қарашада қайтыс болған. Актердің қазасы туралы ақпаратты оның жақындары 26 қарашада растады.

Марқұмның досы Маринаның айтуынша, актер ұзақ уақыт өңештің қатерлі ісігімен күрескен. Бірнеше ота жасалғанына қарамастан, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Бангис Счастливый 1964 жылы Ресейдің Тольятти қаласында дүниеге келген.

Ол ресейлік криминалдық телехикаялардағы рөлдері арқылы көрерменге танылды. Актер “Улицы разбитых фонарей – 2”, “Убойная сила”, “Черный ворон”, “Ключи от смерти” сынды туындыларда бой көрсетті.

Шоу-бизнес

Театр және кино актрисасы Жанаргүл Жаныаманова студенттік шағында белгілі актриса Назгүл Қарабалинан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттард...