Илон Масктың анасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2591

Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келген кездегі сезімімен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мэй Маск Алматыға алғаш рет өтетін “BeWoman” әйелдер форумында сөз сөйлеу үшін келді. Ол әуежайдағы құрмет-қошеметке таңданысын білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Таңғы сағат 3:00-де Қазақстандағы Алматы әуежайына келгенімде тамаша музыкалық бағдарламамен қарсы алды. Қандай керемет тосын сый! Мүлдем ғажап! “BeWoman” әйелдер форумында сөз сөйлеуге шақырғандары үшін рақмет!”, - деп жазды Мэй Маск.

 

Сонымен қатар Илон Масктың анасы қазақтың салт-дәстүрінің куәсі болды. Ол кішкентай бүлдіршін қыздың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына себепкер болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Шымкенттегі үйлену тойының кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұ...