Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіріп кеткен

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
929

Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының сүйегі табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл деректі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Полиция мәліметінше, екеуінде де зорлық-зомбылық белгілері бар.

«Олардың денелерінде зорлық белгілері қалған. Болған жайтқан байланысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталған, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...