«4 баласы бар»: Шавкат Рахмоновтың әйелі құрбыларының өлімі үшін 5 жылға сотталды

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
566

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты іс қаралды. Гүлайым Рахмонова 5 жылға сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тараз соттарының мәліметінше, былтыр 27 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін жол апатына ұшырады. Шавкат Рахмоновтың әйелі шаршаған күйде көлік тізгіндеген. Ол көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Нәтижесінде

сотталушының досы мен әпкесі көз жұмды.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокурор 7 жылға дейін автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды, жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады. Ал жәбірленуші тараптар сотталушыны кешірді. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бары белгілі болды.

«Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады бас прокуратура.

ЖАҢАЛЫҚТАР

LRT іске қосылғаннан жолаушылар саны 180 мыңға жетті. Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл туралы CT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қараусыз қалған...