Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты мұнай қымбаттап жатыр

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
770

Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Батыс Техас сұрыбының бағасы 11%-ға көтеріліп, шамамен 112 долларға жетсе, Brent маркалы шикізат 8% өсіп, 109 доллар деңгейінде бағаланды.

Сарапшылар бұл өсімді АҚШ президентінің Иранға қарсы әскери операцияларға байланысты мәлімдемесімен байланыстырады.

Сондай-ақ Ормұз бұғазы әлем мұнайының шамамен 20%-ын тасымалдайтыны ескеріліп, су жолының ашылмауы да қымбатшылыққа әсер етіп отыр.