Қарағандыда бір жарым жасар бүлдіршін 12 магнит жұтып қойған

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1526

Қарағандыда дәрігерлер 12 магнит жұтқан 1,5 жасар баланы аман алып қалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

"Бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының шұғыл бөлімшесіне жеткізілді. Ол ішінің қатты ауыратынына шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер оның асқазанында 12 магнит шарик барын анықтады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан.

"Хирургтар шұғыл операция жасап, кішкентай науқасты құтқарып қалды. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...