Бағанашылдағы шудан кейін Алматы облысы білім басқармасына жаңа басшы келді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
839

Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

21 тамыздан бастап Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлеубекова Арайлым Аксубайқызы Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол бұл қызметке орналаспас бұрын 2025 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

Арайлым Аксубайқызы 1977 жылы туылған. Ол 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2015 жылы Алматы Университетін «құқықтану» мамандығы, 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Ал 2017 жылы Аймақтық  әлеуметтік-инновациялық университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып  бастаған.

Айта кетейік, Алматы қаласынан Қонаевқа «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру туралы мәселе қоғамдық талқыға түсті. Балалар көшуден бас тартты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен балаларды көшіру рәсімін тоқтату туралы шешім қабылданды. Балалар бұрынғы мекенжайында тұрып, оқуын жалғастыратын болды.