Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту ж...
Қарттар күніне орай астаналық зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі
Фото: Depositphotos
849
Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, елордада тұрақты тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға біржолғы ақшалай төлем беріледі.
Төлем мөлшері 2,5 АЕК болады.
Биыл 1 АЕК мөлшері 4 325 теңге болғандықтан, біржолғы төлем көлемі 10 812,5 теңгеніқұрайды.
Әлеуметтік көмек Астанада тұратын 110 мыңнан астам зейнеткерді қамтиды.
Төлем Қарттар күніне орай әлеуметтік қолдау шарасы ретінде беріледі. Оны алу үшін азаматтарға жеке өтініш берудің қажеті жоқ, қаражат белгіленген тәртіппен төленеді.