ҚТЖ басшысы ұсталғаннан кейін компания шұғыл мәлімдеме жасады

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
244

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталуынан кейін мәлімдеме жасап, жолаушылар мен жүк тасымалы қалыпты режимде жалғасып жатқанын жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Компанияның мәліметінше, басшылыққа қатысты тергеу жұмыстары теміржол тасымалының үздіксіз жүргізілуіне әсер етпеген. Жолаушылар және жүк пойыздары белгіленген кестеге сәйкес қатынап жатыр.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Тасымалдау процесі үздіксіз жүзеге асырылып, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Қозғалыс қауіпсіздігі және тасымалдау кестесінің орындалуы үнемі бақылауда», – делінген компания мәлімдемесінде.

ҚТЖ жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалатынын атап өтті.

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын растаған болатын.

ҰҚК мәліметінше, олар 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 2027 жы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде болған жарылыстан зардап шеккен екі адамны...