Джеки Чан Ақтауда жалғыз өзі нан алуға келген видео тарады (ВИДЕО)

дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
393

Аңызға айналған актер Джеки Чан қазақстандықтарды қарапайымдылығымен тағы да таңғалдырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы оны Ақтаудағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде ешқандай күзетсіз әрі еріп жүрген адамдарсыз серуендеп жүрген жерінен байқаған.

Куәгерлердің айтуынша, актер алдымен дүкен сөресіне барып, жаңа піскен нан сатып алған. Бірнеше минуттан кейін ғана сауда орталығына келгендер әлемге әйгілі жұлдызды танып, оның маңына суретке түсуге ниет білдірген жанкүйерлер жиналды.

Еске салайық, Джеки Чан Қазақстанға «Құдайдың сауыттары» («Доспехи Бога») фильмінің жалғасын түсіруге келген. Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында өтуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...