Тоқаев Қошановты қабылдады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1335

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ерлан Қошанов Тоқаевқа Палата қызметі туралы ақпарат берді. Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заңжобасы бар. Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заңды қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізілуде.

Депутаттар Мемлекет басшысының Жасанды интеллектіге қатысты бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысып келе жатқанын айтты. Қыркүйек айының соңында Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылдап, Сенатқа жолдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...