Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1687

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Madeniportal.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

– Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тауларында серуендеп жүрген туристер сирек кездесетін қар барысын таспаға түсіріп алды. Жыр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жүк пойызының машинисі теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды...