Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады

ЖАҢАЛЫҚТАР
6593

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Ақорданың баспасөз қызметіне сідтеме жасап. 

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді. 

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт фед...