Бұл жәйтті Даурен Абаев мырза біле ме екен?

ЖАҢАЛЫҚТАР
6070
Танымал ақын Ұларбек Дәлейұлы facebook-тегі парақшасына: «Бокстан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатын Qazsport телеарнасы неге көрсетпейді? Ел қазынасындағы біздің салықтан түскен ақшаның үлесін бұлар да алып отыр. Арна басшылығының не мақсаты бар? Бокс сүйер қаншама жас пен жанкүйерлер сол чемпионатты көре алмай зар болып отыр. Спорт сүйер Қазақтар қашанғы орыс тілді өзге елдің ақпараттарына телміреді? Оның үстіне біздің көп өңірлерде, әсіресе ауылдарда интернет қолжетімді емес. Бұл жәйтті Даурен Абаев мырза біле ме екен?», - деді. Оған белгілі журналист, саясаткер Серік Пірназар: «Боксты беруге болатын еді ғой. Күнде не аптасына өтіп жатқан чемпионат емес. Футболды берсе де, ешкім қой деп жатқан жоқ. Бұрын күнде беретін. Бұлардың бірі-біріне кедергісі жоқ», - деп пікір білдірді. Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатын тікелей эфирде осы жерден көруге болады.


madeniportal.kz

author

Ұларбек Дәлейұлы

АУДАРМАШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...