«Қайта қатындардың құтырғаны жақсы болды»: Блогер белгілі ақынның пікіріне қарсы шықты

Коллаж: sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
729

Әзілкеш, жүргізуші, блогер Нұрмақан Мұқанұлы ақын Бақыт Беделханның әйелдер жайлы айтқан пікіріне қарсы шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Желі белсендісі Нұрмақан Мұқанұлы әйелдердің қоғамдағы рөлін айта кеткен.

"Қатындардың құтырғаны жақсы болды қайта. Концерт жасайсың 80-90% билетті солар алады. Кино түсірсең залды солар толтырады. Зат сатсаң бірінші клиент те, тұрақты клиент те солар. Құтырған қатын бұл маркетологтың идеясы, блогердің контенті, продюсердің бюджеті, ең бастысы еркектің мотивациясы! Әр брендтің артында бір құтырған қатын, әр істің артында «айттым ғой саған» дейтін қатын тұр. Қатындар құтырмаса экономикамыз туралап қалатындай екен", - деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, ақын Бақыт Беделхан өзінің кезекті сұхбатында "қатындардың құтырған заманы болды" деп желіні шулатқан еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жамбыл облысындағы Шатыркө...