Қауіпсіздік шарасын бұзған: Абай облысында әскери қызметкер көз жұмды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1002

Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 5 наурызда болған. Ресми мәлімет бойынша, Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Абай гарнизоны қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі деп сендірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...