Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
424

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Мемлекеттер басшыларына бұл сайыс ІТ және жасанды интеллект салаларын меңгерген талантты жастарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғаны баяндалды.

Хакатон білім беру мекемелері, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Хакатонға қатысушылар медицина, білім беру технологиялары, сондай-ақ кәсіпкерлік бағыттарындағы нақты міндеттердің түйінін тарқатумен айналысады.🟦

Өңірлік жарысқа мыңнан астам жас маман, студенттер мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты.

Президенттерге Govtech Өзбекстан цифрлық үкіметінің соңғы әзірлемелері, көлік, кеден, салық, энергетика, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс, өнеркәсіп салаларындағы цифрлық шешімдер таныстырылды.

АЙМАҚТАР

Қазақстанда алдағы аптада ауа райы әркелкі болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Солтүстік, шығыс...

PESTEL

Жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, көлікте 15-16 жастағы ж...