«Қазағым-ай»: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтеді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1432

Қазақконцерт қазақтың біртуар мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазағым-ай» атты кешке шақырады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақиық ақынның өлеңмен өрілген отты жырлары, әуезді әуен және әсерлі жанды орындау көрерменге естен кетпес естелік сыйлайды.

Концерттің ерекшелігі:

- Бірегей концерттік бағдарлама: кеште «Мен деп ойла», «Есіңе мені алғайсың», «Бақыт деген», «Күрең күз», «Саған қарай барады ұшып» секілді халық сүйіп тыңдайтын әндер ұсынылады;

- Жанды музыка: кәсіби музыканттардың сүйемелдеуімен орындалатын шығармалар тыңдарманға ерекше атмосфера сыйлайды;

- Үздік орындаушылар: сахнада Қазақконцерттің әйгілі солистері өнер көрсетеді.

Кеш қатысушылары:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Азамат Жылтыркөзов, Нұрболат Арзамасұлы, Гүлсім Мырзабекова
Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков
«Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапонова
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев, Асқар Мұқият, Азат Мәлік және Аяулым Қамажан
Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Алтыншаш Мұқатаева
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Сұлтан Ахмет, Ербол Тәжібаев, Айдос Саниязбек, Амин ИбраҺим, Жанна Сандыбаева, Дария Бекпенбетова, Анна Уварова
«Birlik» ансамблі.

Жалынды поэзия, жанды музыка және орындаушылардың шеберлігі үйлесімді ұштасқан керемет кештен қапы қалмаңыз!