ҰҚК «қысым жасады» деген қырғыз көкпаршыларына жауап берді

Inbusiness.kz

Жаңалықтар
540

Бұған дейін Астанада өнер көрсеткен қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері құжат талап етіп, "қысым көрсетті" деп мәлім еткен еді. ҰҚК мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

– 2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске сала кетейік, Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс медаль алған қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Ерлан Әбдіғаппаров жарыс қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеген еді. 

– Әділетсіз болатынын білгенбіз. Бірақ мұншалықты деңгейде қазақтың тақымына бастырып, ысқырып, қазақтың көкпаршыларына 4 салым салдырып, осындай әділетсіздік болады деп ойлаған емеспіз, - дейді Қырғызстан спортшысы.

Ол Қазақстанның күн құрылымдары тарапынан қысым көргенін айтады.

– Бір үш те бір есебімен ұтып жатқанда жеке аттар шыққанда біздің бала артқа қараған кезде құлаққа бастырып, ысқырық беріп, төрт жолы салым салдырды, – дейді ол.

Еске салайық, бүгін көкпардан финал өтті. Онда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...