Қазақ қыздарына тіл тигізген Ресей блогерлері 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2130

Ресейлік блогерлер ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Ресей азаматы Анар Абдуллаев пен Грузия азаматы Ренат Пашаев әлеуметтік желіде қазақ қыздарына қатысты балағат сөздер айтқан.

БАҚ-тың хабарлауынша, сот қаулысына сәйкес, Пашаев «TikTok әлеуметтік желісіндегі видеоларында, тікелей эфирдің жазбасында қазақ ұлтынан шыққан қыздарды талқылап, балағат сөздер қолданған». Осындай тұжырым Абдуллаевқа қатысты да келтірілген.

"Олар ұсақ бұзақылыққа қатысты 15 күнге қамауға алынды. Сонымен қатар полиция 174 бап, яғни ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша да тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті", - деді Бас прокуратураның орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...