“Асан Үмбетовтың ҚТЖ-ға тағайындалуы": Жаңа адамдар өз пікірін білдірді

Фото: Жаңа адамдар

ЖАҢАЛЫҚТАР
430

15–16 қазан күндері Жаңа адамдар Қазақстанның XII Азаматтық форумына қатысты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Республика деңгейіндегі қоғамдық кеңестер форумының мінберінен қозғалыс көшбасшысы Асель Баденова еліміздегі өзгерістер мен қоғамдық сананың трансформациясына азаматтық қоғамның ықпалы туралы айтты.

 «Бүгінде қоғамның елде болып жатқан үдерістерге ықпалы айқын байқалады. Қоғамдық пікірмен санаспау қиын — дәл осы пікір қоғамдық күн тәртібін қалыптастырып, реттейді. Әлеуметтік желілердегі пікірлер мінберден айтылған мәлімдемелерден де қаттырақ естіледі.

 Асан Үмбетовтің резонансты бейнежазба мен қазақстандықтардың әлеуметтік желілердегі кең қолдауынан соң «ҚТЖ»-дағы маңызды лауазымға тағайындалуы — еңбек адамдарының бүгінгі таңда қоғам назарында екенін айқын көрсетеді. Оларды қорғайды, қолдайды және үлгі етеді.

 Өз ісіне деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік және бейжай қарамау — жаңа форматтағы көшбасшыларды қалыптастырудың шешуші факторлары мен үрдістеріне айналуда. Олар өз еңбегімен, ұстанымымен және шынайылығымен қоғам сеніміне ие болып отыр», - деді Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жаңа адамдар жастар қозғалысы 🇰🇿 (@zhana.adamdar)

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...