Шотында 2 миллион теңгеден астам ақша айналымы бар адамдар тексеріледі

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2434

Шотында 2 миллион теңгеден астам ақша айналымы бар азаматтар салық тексеруіне ілігуі мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы деректер салық органдарына тек белгілі бір жағдайда ғана беріледі.

Атап айтқанда:

егер адамның шотына әртүрлі тұлғалардан 100-ден астам ақша аударымы түссе;

немесе шоттағы жалпы айналым 2 миллион теңгеден асып кетсе.

«Бұл талаптар орындалмаған жағдайда жеке тұлғалар туралы ақпарат салық органдарына берілмейді», – деді Берік Шолпанқұлов. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....