57 жастағы әлемдегі алғашқы гей имамның мәйіті табылды, деп хабарлады madeniportal.kz smartnews.kz-к...
Қазақ жігіті АҚШ-та өртеніп кете жаздаған адамды құтқарды
видеодан алынған скрин
АҚШ-та қазақ актері өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып қалды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Қазақстандық актер Санұржан Сүлеймен АҚШ-тың Лос-Анджелес маңында жол апатына ұшыраған көліктен жүргізушіні аман алып шығып, ерлік көрсетті.
Оқиғаның куәгері, актриса Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан құлап, өртеніп кеткен. Сол сәтте Санұржан ешқандай қауіп-қатерге қарамастан, көмекке ұмтылып, жалын шарпыған көліктің ішінен адамды шығарып үлгерген. Қауіпті жағдайда өзі де зардап шегуі мүмкін еді, алайда жүргізушінің өмірін құтқаруды бірінші орынға қойған.
Айдана Сахари әріптесінің бұл әрекетін нағыз батырлық деп бағалады. Оның айтуынша, жедел жәрдем келгенше Санұржан жаралы жүргізушінің жанынан табылып, моральдық қолдау көрсеткен.
– Кейбір желі қолданушылары бұл оқиғаның шынайылығына күмән келтіріп жатыр. Бірақ мен бәрін өз көзіммен көрдім. Санұржан еш тайсалмастан отқа қарай ұмтылып, адам өмірін құтқарды. Бұл – нағыз азаматтық, – деді куәгер Айдана Сахари.
Оқиғадан кейін Санұржан Сүлеймен де өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қысқаша жазба қалдырды:
– Есте қалатын күн болды. Бәрі жақсы. Жарақат алған жоқпын. Өмірімізге жауапкершілікпен қарап, бір-бірімізге қамқор болайық, – деп жазды актер.
Актердің бұл әрекеті көпшіліктің жүрегінен орын тауып, әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр.