Азаматтық белсенділермен кездесуде өңір басшысы Марат Ахметжанов Астана агломерациясын дамытудың кеш...
Астана-Алматы тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
Фото: ПД
213
21 наурыз күні сағат 05:00 шамасында Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында, Сарышаған кентінің маңында (Жамбыл облысының шекарасынан 3 шақырым жерде), автобустың 49 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге кезекті рет ескерту жасайды:
- белгіленген жылдамдықты асырмаңыз және арақашықтықты сақтаңыз;
- шаршаған немесе ұйқылы-ояу күйде рульге отырмаңыз;
- әр 2–3 сағат сайын демалу үшін тұрақты тоқтап отырыңыз;
- жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жай-күйін тексеріңіз;
- ауа райы мен жол жағдайын, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында ескеріңіз.