СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін 500 баспана салынады

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2257

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 500 үй салынады, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Облыс  әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан Былғары кенті, Ойқала және Тепличное ауылында болып, тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездескен болатын. Халыққа баспана алу және жөндеу жүргізу ережелері бойынша түсініктемелер берілді.

Қазір бұл аудандарда тазалау жұмыстары басталып кетті. Бүгіннен Былғары кенті мен Ойқалаға қалпына келтіру және жөндеу жүргізу үшін мехникалық бригадалары мен техникасы бар бекітілген аудандар келе бастайды. 

Сондай-ақ өңір басшысы «Солнечный-2» ықшам ауданындағы зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын бақылады. Жергілікті 10 құрылыс компаниясы «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 тұрғын үй салуда. Сондай-ақ «Kaspi» 300 үйді салуды, «Kazakhmys» корпорациясы 100 үй тұрғызуды жоспарлап отыр. 

Жаңа шағын ауданда тасқыннан зардап шеккендерге барлығы 500 үй салынады. Жұмыс көлемі ауқымды, адамдар баспанаға ие болуы үшін құрылысты суық түскенше дейін аяқтау қажет, - деді облыс әкімі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...