Қарағанды облысында «Альфард» аударылып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal....
«Қазақмыс» бақылауды күшейтті: 5 күнде 400-ден астам тексеріс
дереккөз
Jezqazgan Tau-ken Ondirisi компаниясының бас директоры Батыс кенішінде жұмыс сапарымен болып, негізгі тау-кен үдерісінің жай-күйімен танысты. Сондай-ақ еңбек ұжымымен жүздесіп, өндіріс қауіпсіздігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сапар аясында теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан жаңа жерасты жолының құрылысы назарға алынды. Бұл жобаны жүзеге асыру кен тасымалдау арақашықтығын азайтып, операциялық тиімділікті күшейтуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Аталған нысанның іске қосылуы кеніштің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге ықпал етеді.

Қолданыстағы өндірістік аймақтарға да ерекше мән берілді — төртінші және бесінші кен өндіру деңгейлері тексерілді. Кеншілермен өткен кездесуде еңбек жағдайлары мен өзекті мәселелер талқыланды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау басты басымдық екені ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар сапар барысында конвейер бөлігі қаралып, кен қорын арттыруға бағытталған геологиялық барлау жұмыстарының барысы зерделенді.
Мұндай тұрақты өндірістік аралау тәжірибесі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты — басшылық пен еңбек ұжымы арасында тікелей байланысты нығайту.

Бұл жұмыс басқару үдерісінің ашықтығын арттырып, қызметкерлердің өтініштеріне жедел жауап беруді көздейтін QA корпоративтік жобасы шеңберінде іске асуда.
Тек 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында компания кәсіпорындарында түрлі деңгейдегі 198 басшының қатысуымен 406 өндірістік тексеру өткізілді. Анықталған барлық мәселелер бірыңғай базаға енгізіліп, компания басшысы төрағалық ететін жиында қаралады.
Негізгі бағыттар қатарында өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек жағдайы, өндірістік процестерді ұйымдастыру және ұжымның әлеуметтік жағдайы қамтылған. Маңызды әрі жүйелі мәселелер бойынша кәсіпорындардың тұрақты қызметін қамтамасыз етуге және өндірістік ортаның сапасын жақсартуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылданады.

Өндірістік аралаулар жүйелі түрде жалғасады, бұл ішкі коммуникация тиімділігін күшейтіп, өндірісте шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге жол ашады.