Мектептің төбесі опырылып түсті: Петропавлда аттестат табыстау рәсімі күтпеген оқиғамен аяқталды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1225

Кеше Петропавлдағы мектептердің бірінде аттестат тапсыру рәсімі кезінде сынып төбесінің бір бөлігі опырылып түскен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Петропавлдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 мектепте аттестат тапсыру рәсімі кезінде төбенің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға кезінде залда шамамен 100 адам болған. Алайда, ешкім зардап шеккен жоқ. Білім басқармасының мәліметінше, төбеден «армстронг» үлгісіндегі тақтайшалар шамамен 13 шаршы метр аумақтан опырылып түскен.

Мектеп мерекелік шараны тоқтатпай, оны шұғыл түрде мектеп ауласына көшіріп, белгіленген сценарий бойынша жалғастырған.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мәжіліс залына соңғы 20 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандар опырылудың себебін анықтап жатыр. Қорытынды бойынша тиісті акт жасалып, салдарды жою шаралары қолға алынбақ. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...