Жаңа бизнес ашамын дегендерге 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL....
50 жастағы қазақстандық әйелдің егіз балаға аяғы ауыр - блогер
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желі қолданушысы, журналист Ербол Мәндібек қызықты оқиғасын бөлісті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Автор 50 жаста егіз сәбиге жүкті болған келіншек жайлы айтты.
"Бәріңе бұйырсын. Таксидің әңгімесі бітпейді. Кеше кешкісін жас келіншекті бәлнеске апардым. Екі пакет толтырып зат салып алған.
Тыныштықпа қарындасым, ауырып қалдыңыз ба деп сұрадым.
-Жоға аға, енем жатыр соған бара жатырмын.
Еее, шипасын берсін жазылып кетсін.
-Ондай ауру емес енді. Ол кісінікі басқаша.
Басқашасы несі?
-Сізде сұрап қоймайды екенсіз. Енем екіқабат. Угроза деп скори алып кеткен соған заттарын апара жатырмын.
Охо! Жасы нешеде?
-Енемнің жасы 50-де. Өзіміз де таңқалып жүрміз деп күлді.
Таңқалатын несі бар? Құдай шебер емес пе! Айтпақшы, бәленің бәрін бүлдірген атаң қайда? Осындайда жүретін соның орны емес пе.
-Атам Шығыс Қазақстан жаққа кетті.
Жәй ма? Вахтада істейді ме?
-Жоқ. Атам маралдың қанына кетті. Енем жас "маралдың қанын ішкім келеді, заказ бермей өз аяғыңмен барып алып- кел депті. Соған кетті.
Ееее, бұйыртса бір батыр туғалы тұр екен.
-Біреу емес екеу деңіз. Себебі, узи дәрігер егіз туасың депті.
Қарындасым енеңнің жолын берсін. Өзіңде неше балаң бар?
-Менің келін болып түскеніме бір жыл енді болады. Бұйыртса деп жүрміз. Әумин айтқаныңыз келсін деп түсіп қалды.
Елудегі еркек тудыра алады дегенге сенуге болады. Бірақ елудегі әйел егіз туады дегенге сену қиын. Бірақ бұл сирек кездесетін факт. Елуде екіқабат болу бәріңе бұйырсын.
Айтпақшы Қазақстанда орташа есеппен жыл сайын 8 мың егіздер және 150 үшемдер дүниеге келеді екен. Ал елу жасында егіз туған алғашқы әйел осы кісі болғалы тұр. Бұйыртса жаңалықтардан немесе тик-токтан көріп қалуымыз ғажап емес. Аман-есен босансын!", - деді Ербол Мәндібек әлеуметтік желідегі парақшасында.