«Қазақмыстың қолдауы»: Премьер-министр Астанадағы медициналық бұйымдар шығаратын зауытқа барды

Фото: «Қазақмыс”

ЖАҢАЛЫҚТАР
31

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен Астана қаласындағы №1 Индустриялық парк аумағында іске асырылған Heart Center Foundation қорының медициналық бұйымдар шығаратын зауытына барды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында кәсіпорынның өндірістік қуатымен және жобаның іске асырылу барысымен танысты. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі шамамен 5,1 млрд теңгені құрады. Бүгінде зауыт толық өндірістік қуатына шығудың алдында тұр.

Өндірістің негізгі бағыттарының бірі донорлық ағзаларды сақтау, қалпына келтіру және тасымалдауға арналған отандық инженерлер мен дәрігерлер әзірлеген бірегей ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) инновациялық жүйесін шығару болмақ. Бұл технология донорлық ағзалардың сақталу мерзімін ұзартып, отандық трансплантология саласының мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Сондай-ақ кәсіпорында биоматериалды іріктеуге арналған контейнерлер мен дренаждық құрылғылар өндірісі жолға қойылады. Өндірісте отандық шикізатты пайдалану жоспарлануда, бұл жергіліктендіру деңгейін арттыруға және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға жол ашады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 15-20 дана ALEM жабдығын, шамамен 6 млн биоматериал іріктеуге арналған контейнер және 45 мың дренаждық құрылғы шығаруға мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға және отандық әзірлемелерді енгізуге бағытталған жобаларды қолдау «Қазақмыс» корпорациясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай бастамаларды іске асыру инновациялық экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Германияда қаза тапқан қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты жаңа мәліметте...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....