Тәңіршілдер исламды жоққа шығарады — дінтанушы

Фото: Вибеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
470

Qasqa jol YouTube арнасында исламтанушы, теолог, ғалым Асқар Сабдин қонаққа келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жамбыл Зейнолла исламтанушыдан тәңіршілер туралы сұрады.

«Тәңіршілер 90-шы жылдарлың өнімі деп есептеймін. Көп жағдайда академиялық ортада дамыған, бұқара халық бұл сенімге араласпаған. Соңғы 15-20 жылда дінге қатысты жат ағымдар пайда болды. Сол ағымдарға реакция ретінде осы тәңіршілік ел арасында кең жайылып кетті. Жүйелі бір идеологиясы жоқ, жүйесі жоқ. Араларында өздері де түрле топқа бөлінеді. Тәңір, Ұмай ана, Түрк деген нанымдық сенімдері бар. Қазақстанда бұл  сенім исламға шабуыл жасау арқылы жасалған», — дейді дінтанушы.

Сабдиннің айтуынша, тәңіршілдер өздерінің идеологиясын дамыту орнына исламға қарсы жоққа шығаруларды көп жүзеге асырған. Құранды, Пайғамдарды мойындамаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...