Елордада бір мезетте 25 келіннің беташар рәсімі өтті. Салтанат сарайында өткен тарихи оқиға КИнЭС ре...
Жаңаөзенде оқушы қыз сыныптасын соққыға жықты
Фото: freepik.com
2400
Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Зардап шеккен оқушы қыздың анасы бейнежазбаны көріп қалған. Кейін дереу полицияға хабарласыпты. Сот сыныптасын соққыға жыққан қыздың ата-анасына айыппұл салды.
Мәліметтерге сүйенсек, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, одан сөйлесу үшін сыртқа шығуды өтінген. Кейін сыртқа шыққан сыныптасын «Неге маған жала жауып жүрсің?» деп бас салып соққыға жығып, өз әрекетін видеоға түсіріп алған.