Шерзат ісіндегі екі әйел қалай куәгер болып кетті

Фото: ulysmedia.kz

Жаңалықтар
157

Шерзат Полаттың ісіндегі екі әйел куәгер болып кеткені дұрыс па? Бұл сұрақты Сенат кулуарында журналистер бұрынғы ішкі істер вице-министрі, қазіргі сенатор Марат Қожаевқа қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

 

11 желтоқсан күні баспасөз мәслихатын өткізген Қаржаубай Нұрымовтың тарапы Шерзат Полаттың ісіндегі екі әйел куәгер болып кеткенін айтқан еді. Адвокаттар мұнымен келіспейді. Алайда Қожаевтың бұл жөнінде пікірі олардың ойына қайшы.

– Қылмыс құрамы көп мән-жайдан құралады. Қылмыс құрамын айқындау үшін төрт компонент есепке алынады. Істің объективті және субъективті жағы қаралады. Солардың бәрі расталса ғана! Заң жайдан-жай қарамайды ғой. Сіздер, журналистер қалады екен деп, біз оларды бірден жазалай кетпейміз ғой. Бәрі заңнамаға сай призмамен қаралады. Егер сол адамдардың (Шерзат ісіндегі екі әйелдің) әрекетінде төрт компонент айқындалмаса, тіпті біреуі мәселен, “арам пиғылы болмаса” істе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмады деп қаралады, – дейді ол.

Мәжіліс депутаттары бұған дейін қылмыстық кодекстің тергеу мәліметтерін жария етуді шектейтін бабын қайта қарау керек деген мәселені көтерген болатын. Бұл ұсыныс жөнінде Марат Қожаев бұрынғы тергеуші ретінде пікірін айтты.

– Кей кезде мәліметтер жарияға тым көп шығып кеткендей сезіледі. Оның салдары да болуы мүмкін. Біз ондайда басқа ізге түсіп, адасып кетуіміз мүмкін. Сол себепті бүкіл тергеу амалдарының шынайылығын күту керек. Бүкіл дәлел жиналып, жіті талданып, жан-жақты қаралғаннан кейін ғана процессуалдық шешім қабылдаған абзал. Сол кезде қоғамға қандай ақпараттарды жеткізуге болатынын шешу керек, – дейді Марат Қожаев.

Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы LED-экрандарда жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетіл...

Жаңалықтар

10 желтоқсан күні Қарасай ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында сотталушы Елизавета Терентьева...