Ақтауда депутат пластикалық ота жасатып көз жұмған клиникадағылар мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
862

Ақтаудағы «Қасиет» медицина орталығы облыстық мәслихат депутаты Ербол Айтуовның липосакциядан кейін қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Клиниканың бас дәрігері желіде тараған «лицензиясы жоқ» деген ақпаратты жоққа шығарып, 2015 жылдан бері ресми лицензиямен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ анестезиология және реаниматология қызметіне рұқсат бар екенін атап өтті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс барысында ота бөлімінің талапқа сай жабдықталмағанын және бірқатар заңбұзушылық анықталғанын хабарлаған еді. Іс материалдары прокуратураға жолданған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...