«Адам өлтірмек түгілі боқтамайды»: Меркідегі шу әлі жалғасып жатыр

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
83

Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қайын жұртында көршілері сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мадиярдың алғашқы ұстазының сөзінше, Мадияр мінезі жуас адам болған.

“Мені дұрыс түсініңіздер. Мадияр біреуді өлтірмек түгілі, боқтай алмайтын адам. Мен оны сабақта әкім деуші еді. Тиянақты жүретін. Әттең, өкінішті. Осындай жағдай болып жатыр”, - деді ол.

Бұған дейін Мадиярдың көршісі де сұхбат берген еді.

«Көрші тұрсақ та Мадияр — жуас бала. Ашумен ұрса, ұрған да шығар. Еркек болған соң ұрады ғой. Ұрғанда да өлтіріп ұрғанын көрмеймін мен. Отбасы болған соң айқайласып, ұрысқан шығар», – деген көрші.

Алайда оның сөздері елдің ашуын тудырды. Ал бүгін осы әйел ел алдына шығып, журналистер сөзімді бұрмалады деп отыр.

“Ұрса ақырындап ұрған шығар”… Мадина Рашидқызының көршісі блогер Жан Ахмадиевке сұқбат берем деп басы бәлеге қалды. “Менің сөздерімді кесіп, қиып, бұрмалап жіберді” деп ренжіп отыр”, - деп жазды Qogam.news.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актриса Жанель Мақажан күйеуінен бөлек кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....