Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында қанша медаль жеңді?

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
361

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Мангала жарысында да ел спортшылары сәтті өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының мүшелері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Көкбөріден өткен финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары өзара сынға түсті. Қырғызстанда кеңінен дамыған және елдің дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің бірі саналатын көкбөріден қырғыз құрамасы шешуші ойында басым түсіп, алтын медаль иеленді. Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының еншісіндегі алтын медаль саны 32-ге жетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...