Фото: ашық дереккөзденҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, саяси реп...
Оралда түрмеден шыққан азаматқа «Құрметті азамат» атағы берілмек болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Орал қалалық мәслихатының депутаттары Құрметті азамат атағын беру мәселесін қарастыра отырып, қоғамда айтарлықтай пікірталас тудырған шешімге жақын қалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
HALYQSTAN telegram арнасының мәліметінше, бұл мәртебеге үміткерлер тізімінде кезінде тапсырыспен өз азаматтық жұбайы мен 8 жасар қызын өлтірмек болғаны үшін сотталған Хайрулла Исмагуловтың есімі де болған.
Ресми құжаттарда Исмагулов «еңбек ардагері», «рационализатор», «көптеген марапат иегері», сондай-ақ «облыс оқырмандарына танымал әдеби шығармалар авторы» ретінде сипатталған. Алайда, оның жуырда ғана түрмеден шыққаны туралы ештеңе айтылмаған.
Исмагулов Ақтөбе қаласының тұрғыны болған жас әйелмен поезда танысып, олар арасында роман басталады. Үш жылдан соң қыз бала дүниеге келеді. Алайда ол некесін ресми түрде тіркемей, бір уақытта Ақтөбе мен Орал қалаларында екі отбасымен қатар өмір сүріп келген.
Уақыт өте келе әйел адамның Исмагуловтан әкелікке сараптама жасауды талап етуі оны шошытып, қылмысқа итермелеген. Ол бірнеше орындаушы іздеп, кейбіреуі ақшаны азсынса, өзгелері уәдесінен айнып кетеді. Ақырында, келісім берген адам құқық қорғау органдарының астыртын агенті болып шығып, кісі өлтіруді инсценизациялау арқылы Исмагулов қолға түседі.
Оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілгенімен, жазасының жартысын өтеп, 2023 жылы 83 жасында бостандыққа шыққан.
Орал қалалық мәслихаты бұл деректер анықталғаннан кейін, дауыс беру нәтижесінде Исмагуловқа Құрметті азамат атағын бермеу туралы шешім қабылдады.