Қазақстан халқы Ассамблеясы Арысқа 65 тонна гуманитарлық көмек жеткізді

ЖАҢАЛЫҚТАР
4031

Қазақстан халқы Ассамблеясы Арысқа 65 тонна гуманитарлық көмек аттандырды. Үш жүк көлігіне азық-түлік пен құрылыс заттары тиеліп, апат орын алған аймаққа жеткізілді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Сабит Юсуповтың айтуынша, жеткізілген заттардың жалпы бағасы шамамен  12 млн теңгені құрайды. Оның ішінде киім-кешек пен күнделікті тұтынуға қажетті тауарлар да бар.

Сондай-ақ, «Бірлестік тарапынан тағы 5 млн теңге жиналып, оны ақшалай аударатын боламыз. Гуманитарлық көмек мұнымен тоқталып қалмайды. Қазір Алматы қаласында тұратын азаматтар тағы құрылыс материалдарын жинауда. Жақын күндері оларды да жүк көліктеріне тиеп, кезегімен жолдай береміз деп жоспарлап отырмыз»,- деп атап өттіі Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы.


 madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...