Ақордада алдағы конституциялық реформаға қатысты мәселелер қайта талқыланды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
206

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин парламентті трансформациялау бойынша жұмыстардың барысын баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптасқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарын таныстырды. Бірпалаталы парламенттің өкілеттік мерзімі, сайлау тәртібі, заң шығару тетіктері және басқа билік институттарымен өзара іс-қимылы қарастырылған.

Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан ұсыныстардың eOtinish пен eGov платформалары арқылы, сондай-ақ саяси партиялардан, бизнес өкілдерінен және заңгер-ғалымдардан түскенін айтты.

Ақорда мәліметінше, президент талқылау нәтижелері мен сараптамалық қорытындыларды мұқият зерттеп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл реформа заң шығарушы билікті қайта форматтауға бағытталғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Ұлттық құрылтай отырысында нақты идеялар ұсынылады. Парламенттік реформаны іске асыру үшін Конституцияның бірнеше бөлімі қайта қаралуы тиіс, ал ұсынылған түзетулер мазмұны жағынан Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауға негіз болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты дау әлі де жалғасып жатыр, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерде Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Арсен Шакуов әйелге күш қолд...