Алатау қаласына арнайы мәртебе беріледі

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
738

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 10 күн ішінде Алатауға ерекше мәртебе беру туралы жарлық жобасын дайындауды тапсырды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл мәртебе қалаға тікелей Үкіметке бағыну құқығын береді. 

Алты ай ішінде қаланы басқару тәртібі туралы жеке заң қабылдау жоспарлануда.

«Көптеген қарқынды дамып келе жатқан елдерде осындай орталықтар ілгері дамудың қалаларына айналуда. Алатау жобасын іске асыру үшін арнайы аумақтар бөлініп, негізгі инфрақұрылым желілері қосылды», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ерекше мәртебе ешқандай артықшылық емес екенін баса айтты. Бұл – жедел экономикалық өсім мен инвестиция тартуға арналған құрал.

Президенттің айтуынша, Alatau City – смарт қаланың технологияларын енгізуден бастап, криптовалюта арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасау мүмкіндігіне дейін қамтитын аймақтағы алғашқы цифрлық қала болуы тиіс.

«Көптеген қарқынды дамып келе жатқан елдерде инвестициялар мен технологиялар тартатын орталықтар – ілгері дамудың қалаларына айналды. Біздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығымыз – Алатау қаласы болмақ. Бұл жалпыхалықтық жобаны жүзеге асыру үшін арнайы аумақ бөлінді, бастапқы жоспарлау аяқталды, негізгі инфрақұрылым желілері қосылды. Жақында Қытайға жасаған сапарым барысында әлемдік деңгейдегі компаниялармен миллиардтаған келісімдерге қол қойылды. Сол компаниялардың бірі – Шэньчжэнь технополисінің құрылысына қатысқан, енді Alatau City жобасына тікелей атсалысады», – деді Тоқаев.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...