Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілуде

Фото: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1558

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың жағымсыз салдарын жұмсарту бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен мемлекет басшысының азаматтардың мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізгені атап өтілді. 

«2025 жылдың 16 қазанынан бастап инфляция тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі арттыруға мораторий енгізіледі. Премьер-Министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп ішкі нарықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қадағалауды қамтамасыз етуді және шаралар қабылдауды тапсырды», - делінген бейсенбі күні UKIMET Telegram-каналында жарияланған хабарламада. 

Сондай-ақ Қазақстан қолжетімді ипотекалық несиелеу көлемін арттырып, автокөлік лизингі мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламаларын іске қосады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...