Қазақстанда әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға өзгерту ұсынылды

Фото: dauletten.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1286

Қазақстанда әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға өзгерту туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Петиция epetition.kz сайтында пайда болды. Құжат авторлары әскерге 20 жастан бастап шақырудың бірнеше себебін атаған: 

  • Психологиялық және физикалық тұрғыда жетілу

- Білімін жалғастыру

- Дезертирлік (әскерден қашу) пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету

- Әскери дайындық сапасын жақсарту

- Психологиялық зерттеулер бойынша, жасы есейген кезде әскерге баратын жастардың әскерден қашу деңгейі азаяды

- Өзге елдердегі практика, мысалы, Швеция, Германия, Швейцария мен Австрияда әскерге 19-20 жастан бастап шақырылады. 

"Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жас азаматтардың мүддесін қорғап, Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Осы өтінішті қарап, міндетті әскери қызметке шақыру жасын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз", - делінген құжатта.

10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге 47 адам қол қойған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған азамат заң алдында жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың шілдедегі демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды&...