Тоқаев: «Оралман» сөзіне мен де қарсымын

ЖАҢАЛЫҚТАР
7468

Шетелдегі этникалық қазақтарға елге көшіп келгенде берілетін «оралман» мәртебесін «қандас», «ағайын» деп атау туралы ұсыныс айтылып жүргені белгілі. Мемлекет басшысы да «оралман» сөзіне қарсы екен. 



Бұл жөнінде «Айқын» мен «Егемен Қазақстан» газеттеріне берген сұхбатында айтқан. «Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз», – дейді Президент сұхбатында. 


Тұмар МЫРЗА

aikyn.kz


ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...