Мектепте өрт шығып, 17 бала тірідей жанып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2108

Мектептегі өрттен 17 бала мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қайғылы жағдай Нигерияның солтүстік-батысында болған. Түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кетті.

Сонымен қатар денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді. Әзірге өрттің шығу себебі анықталмады. Елдің төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

“Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, “Өрт, өрт!” деп айғайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты”, - дейді мектеп мұғалімі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

LRT іске қосылғаннан жолаушылар саны 180 мыңға жетті. Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл туралы CT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қараусыз қалған...