Тұрғын үй мәселелерін жедел шешудің нақты тетіктері әзірленді, деп хабарлайды madeniportal.kz....
ҚазҰУ-да көз жұмған студентінің туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: ашық дереккөзден
187
ҚазҰУ-да көз жұмған студентінің туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Көз жұмған Дауыл Бәкіртай – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті. Туған жері – Шымкент. Отбасында бес баланың төртіншісі.
Марқұмның туыстарының сөзінше, екінші курстың студенттері оны және тағы бір бірінші курс студентін бөлмеге шақырып, ұрған.
«Мәйітхана мамандары Дауылдың жүрек тұсына бірнеше соққы тигенін айтты. Қолымызда бұл туралы медициналық құжаттар да бар», - дейді туыстары.
Олардың айтуынша, бала бұған дейін жатақханада жоғарғы курс студенттері тарапынан қысым болғанын айтқан.
Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.