Жерсілкінісінен кейін Жапония жағажайынан 4 төрт кит табылды

Фото: Toshiyuki Kon

ЖАҢАЛЫҚТАР
1121

Камчатка түбегінде 2025 жылғы 30 шілдеге қараған түні болған 8,7 магнитудалы жер сілкінісінен кейін Жапонияның Чиба префектурасында, нақтырақ айтқанда Татеяма қаласындағы Хейсаура жағажайында төрт кит жағаға шығып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Оларды алғаш болып жергілікті тұрғын байқапты. Ол таңертең серфинг алдында толқын биіктігін тексеруге шыққан кезде, жағада жатқан төрт китті көрген.

«Бұған дейін де жағаға шығып қалған бірлі-жарым китті көргенмін, бірақ төрт бірдейін алғаш рет көруім», – дейді ол.

Жапонияның TBS телеарнасына тиесілі тікұшақтан түсірілген кадрларда теңіз жануарларының жағада қозғалыссыз жатқан сәттері тарады. Олардың әлсін-әлсін қозғалып, жүзуге шамасы жетпей жатқаны байқалады.

Камчаткадағы бұл жер сілкінісі 1952 жылдан бергі ең күшті табиғи апат ретінде тіркелді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...