Бишімбаев түрмеде қандай “қорлық” көріп жатыр? - адвокат

Фото: жоғарғы сот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1749

Адвокат Бишімбаевқа түрмеде әділетсіз көзқарас бар екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап,

Адвокаттың Ғазымжановтың айтуынша, түрме басшылығы тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысқан Бишімбаевқа тиісті көтермелеу шараларын бермейтін көрінеді.

Себебі экс-шенеунік өткен жылдың желтоқсан айында бір рет ескерту алған.

"Мекеме басшылығының айтуынша, Бишімбаев ұйқыдан кейін кітап оқыған, сондықтан онымен профилактикалық әңгіме өткізілген. Бишімбаевтың айтуынша, сол түні оның тісі ауырып, ол дәрісін ішу үшін асханаға кірген. Дәрінің әсер етуін күтіп тұрған кезде кітап оқи бастаған. Басқа жазасын өтеушілер түнде емін-еркін жүріп, су ішіп, дәретханаға барып, тіпті теледидар қарай алады. Оларға ешқашан кедергі жоқ. Ал дәл Бишімбаевқа бұл тәртіп бұзу деп есептелді", – дейді адвокат.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...