Талдықорғанда үй өртеніп, отағасы мерт болды

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2740

31 желтоқсанда Талдықорғанда жекеменшік екі қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда Бекпаевтар отбасының үйі өртенді. Онда күйеуі, әйелі және олардың төрт баласы тұратын. 2024 жылдың соңғы күні үй мен отбасының барлық мүлкі өртеніп кетті.

Өрттен отағасы мен оның әйелінің денесінің 98%-ын күйік шалған. Салдарынан ер адам мерт болды, ал әйелі Данияның жағдайы өте ауыр.

Балалар да ауыр күйікпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Мерт болған Ерлан Бекпаевтың анасы халыққа үндеу жасады.

"Айыптамаңыз, кінәлілерді іздемеңіз. Біз қорқынышты қайғыны бастан өткеріп жатырмыз. Бізге тек сіздердің түсіністік пен қолдаулар маңызды", — деді Күләш Бекпаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...