Президент әлемнің жаңа технологиялық дәуірге қадам басқанына назар аударды, деп хабарлады MadeniPort...
Тоқаев Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Фото: Ақорда
Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Ақмарал Әлназарова мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндады. Әлназарова өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.
«Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді», деді министр.
Оның айтуынша, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр екен. 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайған.