Қазақстанда паспорт жаңа нұсқаға ауысты

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
795

Қазақстанда паспорт өзгеріске ұшырайды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Құжаттың жаңа нұсқасында қар барысының бейнесі пайда болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды.

Бұл туралы Tengrinews.kz де жазды.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Бауржан Аленовтың айтуынша, қазіргі таңда ведомство ұлттық паспорттың қорғанысын күшейту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

«Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. Қазақстандық паспорт барлық халықаралық стандарттарға сай келеді, қажетті қорғаныс элементтері бар. Қазір қосымша қорғаныс деңгейлерін енгізу мәселесі қарастырылуда», – деді Аленов.

Оның сөзі кезінде көрсетілген презентацияда жаңа паспорттың сыртқы көрінісі көрсетілді. Жаңа үлгідегі құжатта қар барысының бейнесі бар. Бұл жануар еліміздің мемлекеттік рәміздерінде, спорт клубтарының эмблемаларында және түрлі ұйымдардың белгілерінде жиі кездеседі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...