Қазақстанда дәрігерлер үшін гранттарды өтеу ережелері қайта қаралады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1550

Қазақстанда дәрігерлер үшін гранттарды өтеу ережелері қайта қаралады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа бұйрық жобасын жариялады. Құжат 2023 жылғы 11 тамыздағы грант иегерлерін жұмысқа жолдау және өтеу міндеттемесінен босату қағидаларын реттейтін қаулыға өзгерістер енгізуді көздейді. 

Жобада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған азаматтардың грантты өтеуден босатылуы және өз бетінше жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл өзгерістер негізінен медицина саласының мамандарына қатысты, өйткені түзетулер Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен әзірленіп отыр. 

Ұсынылған өзгерістер Есеп комитетінің грантты өтеу талаптарына қатысты бірқатар ережелерді нақтылау қажеттігі туралы ұсынымдары негізінде дайындалған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...